Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 60-тан астам қызметкері мен ардагері марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Салтанатты шарада ҚАЖД қызметкерлері мен ардагерін атылмыш ведомство басшысы Әділет Мұстафинов құттықтады.
– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан Қазақстан азаматта-рының қалқаны мен қылышы болып, қорғауды қажет ететіндерге көмекке ке-луге дайын. Бұл күні біз жауынгерлік бекетте қаза болған әріптестерімізді және бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиғандарды еске аламыз. Құрметті ардагерлерімізге қызметті асқан жауапкершілікпен атқарғандары үшін, жас мамандарды тәрбиелеуге, олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға көмектескені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы.
Іс-шара барысында ҚР Ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 60-тан астам қызметкер, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және басқа да органдар-дың өкілдері марапатталды.