Есірткі затымен қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Наурыз айында Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан жалпы салмағы 20 грамм ұнтақ тәрізді зат салынған, қара изолентамен оралған 20 полимерлік түйіншек тәркіленді.

Куәгерлердің қатысуымен асфальт үстінде ер адамның жанынан тағы осындай 25 түйіншек анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

– Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген ұнтақ тәрізді заттың 45 грамм мефедрон екені анықталды. Есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған қала тұрғыны осындай қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, нашақор ретінде есепте тұр. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz