Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай облыс тұрғындары Петропавлдағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жерлесіміздің рухына тағзым етті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Айдарбек Сапаров та қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мағжан Жұмабаев – қазақтың бір туар ақыны. Жалынды жырлармен талайдың жанын жылытып, үміт отын жаққан ақынның өлеңдері бүгінгі күнге дейін өзінің мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгін жиналған жұрт әйгілі жерлесіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Табиғатынан талантты ақын 20 ғасырдың тауқыметін өз өлеңдерімен сипаттап, қазақ халқынның еркіндікті ансаған ұмытылысын ерекше бейнеледі.
– Бүгін Мағжан атамыздың 130 жылдығына жиналып қалдық. Мұндай алып тұлғаның ұрпағы болғанын мақтан тұтамын. Оның жазған өлеңдері әлі де талай жастарды қанаттандыратынына сенімдімін, — дейді М.Жұмабаевтың ұрпағы Жанат Мүсілімов.