Мағжан туралы жаңа туындының түсірілімі басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  «Qazaqstan» ұлтық арнасы жақын арада жерлесіміз Мағжан Жұмабаев туралы фильмнің  тұсауын кеспек. Осыған орай қаламыздағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Мағжан. Жаралы жолбарыс» фильмінің алғашқы түсірілімінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған туындыны «Cinema company 28» ЖШС «Qazaqstan» ұлтық арнасының тапсырысымен түсірмек. Шара барысында шыққалы жатқан көркем фильмнің жоспары жарияланып, жиналғандар шығармашылық құраммен танысты. Түсірілім тобын облыс әкімінің орынбасары Ғани  Нығыметов құттықтап, актерлерге сәттілік тіледі.

            -Мағжан Жұмабаев- біздің ұлы жерлесіміз, оның отты жырлары қашан да халқының жүрегінде. Оған арнап көркем фильм түсіріліп жатқанына өте қуаныштымыз, себебі Мағжан- жазықсыз қуғынға ұшырап, оққа ұшқан арыстарымыздың бірі. Ол жайындағы деректерді жинақтап, осындай фильмдер арқылы жастарға ұсыну керек,- деді Ғани Нығыметов.

Тарихи туындыға дайындық жұмыстары 6 ай бойы жүргізілген. Бас продюсер Назгүл Қарабалинаның айтуынша актерлік құрам 45 адамнан тұрады. Мағжан туралы әрқайсысы  25 минутты қамтитын 4 серия түсірілмек. Түсірілімдер жергілікті университеттің №3,4 корпустарында сонымен қатар Жамбыл, Есіл аудандары мен ақынның өзі туған Сарытомар ауылында өтпек.

Жоба режиссері  Дархан Саркенов Мағжанның ақындық, қайраткерлік тұлғасына тоқталып, бұл түсірілімнің шығармашылық топ үшін маңызы зор, жауапкершілігі үлкен екенін атап өтті.

Басты рөлде Мағжан бейнесін белгілі жас актер Мейірғат Амангелдин сомдайды. Ол бұған дейін де бірқатар тарихи тұлғалардың образында халыққа танылып үлгерген.

Түсірілімнің салтанатты ашылуынан соң шығармашылық топ өз жұмысын бастап кетті. Олар түсірілім жұмыстарын университет қабырғасында жүргізгеннен кейін қаламыздың өзге де орындарына баруды жоспарлап отыр.     Мағжан қай жағынан алсақ та келешек ұрпаққа үлгі боларлық тұлға. Оның өлеңдерінен ұлтқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті, болашаққа деген сенімді көреміз. Ақын тек қазақ халқы үшін ғана емес күллі түркі әлемі үшін биік тұлға. Сондықтан да бұл фильмнің көрерменге, әсіресе Мағжанның өзі сенім артқан жастарға берері мол болмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz