Солтүстік Қазақстан облысында тау-кен металлургия комбинаттарын салу бойынша үш ірі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, өңірде тау-кен өндірісін дамыту әлеуеті жоғары. Аймақта қалайы, цирконий, титан, вольфрам және уран қоры жеткілікті.
— Тау-кен металлургия комбинаттарын салу бойынша үш ірі жоба іске асыры-луда. Олар «Сырымбет» қалайы, «Ақсоран» және «Баян» вольфрам кен орын-дары. «Сырымбетте» барлау жүргізіліп, инфрақұрылым тартылды. Әкімдік тарапынан жағдай жасаймыз. Кейін тау-кен металлургия комбинаттарының құрылысы басталады, — деді Айдарбек Сапаров.