«Қызылжар» клубы «Қайратқа» есе жіберді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің 14-ші турында жергілікті «Қызылжар» клубы сырт алаңда алматылық «Қайрат» командасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алматыдағы матчта жерлестеріміз 3:0 есебімен есе жіберді. Кездесу басталысымен «Қайрат» аяқдопшылары ойын тізгінін өз қолдарына алды. Шабуылдарын үдете түскен олар, есепті 41-ші минутта ашты. Он бір метрлік айып добын орындауға келген Жуан Пауло да Силва мүлт етпеді. Кейін қызылжарлықтар таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда барлық соққылары қарсылас қақпасына дарымады.

Екінші таймда алматылықтар қарқындарына қарқын қосып, 66-шы минутта Жуан Пауло да Силва дубль авторы атанды. Ал 94-ші минутта алаң иелері кездесудің нүктесін қойып, бұл жолы Ян Труфанов көзге түсті.

14-ші турдың нәтижесі бойынша «Қызылжар» клубы төртінші сатыдан бесінші орынға сырғыды. «Қайрат» командасы болса, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Әзірге елордалық «Астана» ұжымы ел біріншілігінде көш бастап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz