СҚО полицейлері төрт күн ішінде 17 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл жолы рейд «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы қарсаңында өткізілді. Ол СҚО аумағында 22 маусымда бастау алды.
– 4 күн ішінде облыс жолдарында 1438 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Олардың ішінде жылдамдықты асырудың 182 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетудің 18 дерегі тіркелді. 31 жүргізуші техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарған.