Облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 850 миллион теңгенің заң бұзушылығы анықталды. Белгілі болғандай, оның ең сорақысы – жеке меншік емханалар қордан да, науқастан да ақша алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тексеріс жүргізген сарапшылардың айтуынша, кейбір қызмет түрлері қағаз жүзінде қайталанып көрсетілген. Оның себебі, медицина саласындағы ақпараттандыру жүйесі оңтайландырылмаған.
— Жалған актілер толтырылған. Одан бөлек қызмет түрлері асыра көрсетілген. Сонымен қатар, бір емдік шара үшін екі төлем жасалған. Оның өзінде қазір біз медициналық көмектің 10 пайызын тексере аламыз. Бұл мәселені шешу үшін цифрландыру жүйесі енгізіліп жатыр, – дейді «МӘМС қоры» СҚОФ директоры Лариса Гордеева.