«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның ұжымы Президенттің Алғыс хатына ие болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында бірқатар тілшілер ұжымы мен журналисті кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға Алғыс хат табыстап, сыйлықтар мен гранттарды тапсырды.

– Баршаңызды бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Үздік журналистерді марапаттау шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Көпшілігіңізді сырттай танимын. Мақалаларыңызды оқып тұрамын.
Еліміздің журналистика саласына жас мамандардың келіп жатқаны – өте жақсы үрдіс. Жазу стилі – ерекше, еркін, батыл, ұстанымы ашық тілшілер бұл кәсіпті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

whatsapp image 2023 06 27 at 14.26.57 2

whatsapp image 2023 06 27 at 14.26.57 3
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
■ «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
■ «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
■ «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
■ «Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
■ «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
■ «Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
■ «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
■ «Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
■ «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
■ «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
■ «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

whatsapp image 2023 06 27 at 14.26.57 5

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz