Темір дәуіріне жататын алып қорған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста археологиялық ескерткіштерді іздеу барысында ерте темір дәуіріне жататын алып қорған табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері Есіл ауданы аумағында биіктігі 7 метр және диаметрі 55 метр болатын ерте темір дәуірінің қорғанын тапқаны туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

— Бұл алып қорған егістік алқаптың ортасында орналасқан. Темір дәуіріндегі қорғандар көбінесе тік жарты шарларға ұқсайды.
Қорғанның басты белгісі – оның пішінінің дұрыстығы. Әдетте, қорған жоспарда дөңгелектенеді, бірақ төртбұрышты және ұзартылған пішіндері де бар, — деп хабарлай орталық қызметкерлері.

Экспедиция бір айға созылды. Алдағы уақытта археологтар деректерді өңдеп, екі ай бойғы жұмыстарының қорытындысын шығарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz