«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып Жеңіс Асанов тағайындалды. Оның кандидатурасына аймақтық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының мүшелері бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жеңіс Мұхтарұлы Асанов Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының басшысы болып сайланғанға дейін ол «Солтүстік Қазақстан облысының жобалық басқару орталығы» КММ-нің бөлім бастығы қызметін атқарған.
Әр уақытта «Бизнес-Тайм» ЖШС коммерциялық директоры, «Қазпромстрой» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық және стратегиялық даму бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, «Солтүстік» ӘКК АҚ «Астана» қонақ үй-кешенінің басқарушы директоры қызметтерін атқарған.