СҚО-да тағы екі ауданның прокурорларын тағайындады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Уәлиханов және Аққайың аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, бұған дейін Айыртау, Тимирязев, Аққайың және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың прокурорлары ауысқан болатын.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұған дейін Айыртау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған әділет кеңесшісі Еркеш Оспанов Уәлиханов ауданының прокуроры болды.

uelihanov

Оспанов Еркеш Думанұлы өзінің еңбек қызметін 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

Аққайың ауданы прокурорының аға көмекшісі, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процесс заңдылығын тергеп-тексерудегі қадағалау Басқармасының аға прокуроры  болып жұмыс істеді.

Әділет кеңесшісі Асқар Кәкімов Аққайың ауданының прокуроры болып тағайындалды.

akkayyn

Ол өзінің еңбек қызметін 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады.

Әр жылдары М.Жұмабаев атындағы, Ғ.Мүсрепов атындағы, Қызылжар және Шал ақын аудандары прокурорының көмекшісі,  тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау Басқармасының  прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының қылмыстық  қудалау бөлімінің бастығы  болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы  прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz