СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобы «интеллектуалды» бейнежүйелер мен «Мегакам.Қорғау» қосымшасы арқылы жол ережесін қасақана бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамыр айында шетелдік есепте тұрған «ВАЗ-21114» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Петропавл көшелерінде 5 бұзушылыққа жол берді. Бұл фактілер автоматты түрде арнайы тіркеу жүйелері көмегімен анықталды. Көлік туралы деректер «анықталмаған жүргізуші» базасына енгізілді. Іздестіру тобы «Мегакам.Қорғау» жүйесін пайдаланып, іздеуде жүрген автокөлікті анықтады. Жүргізуші жылдамдықты асырғаны және сақтандыру полисінсіз көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.