СҚО-да 18 орман өрті тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталғалы мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың 48 дерегін анықтап, 1 млн. астам теңгенің айыппұлын салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыстық қоғамдық кеңесте тиісті ведомстволар орман өрттері жайында, оның алдын алуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Осы күнге дейін СҚО аумағында 18 орман өрті шығып, 70 га жер жанды, соның ішінде 65 га – орманды алқап.Келген шығын 13 млн теңге шамасында.

Өткен жылмен салыстырғанда орман өрті азайған. СҚО орман және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бейбіт Қызбикеновтың айтуынша, былтыр 1271,36 га аумақта, соның ішінде 609 га орманда 26 өрт тіркелген. Шығын 45 млн теңгеге жетті.

— Орманның өртенуіне кінәлі бір адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол келген шығынның орнын толтырып, 31,7 мың теңге төледі.  3 га астам аумақты алған 5 өрт бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізді. Орман заңнамасы бұзылуын жоюға қатысты 2 ұйғарым берілді. Жалпы сәуір айынан бері мамандар ормандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 48 дерегін анықтады. Осыған байланысты 1 млн астам теңге әкімшілік айыппұл салынды», — дейді Бейбіт Қызбикенов.

Бұдан басқа ағашты заңсыз кесудің екі фактісі анықталған. 15,46 текше метр ағашты кескендер 130 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Оның 97 мыңы өндіріліп алынды. Жиналған материал аудандық сотқа жіберілді. Ал екінші іс бойынша аудандық сот 345 мың теңге айыппұл салды.

Бейбіт Қызбикеновтың айтуынша, былтыр сәйкес кезеңде орманды заңсыз отаудың 15 жағдайы тіркеліп, 201 текше метр ағаш кесілген екен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz