Президент сұйытылған газ және ТҮКШ-ға қатысты өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Депутаттар 20 маусымда бұл заң жобасын екінші оқылымнан кейін қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдаған болатын.

Заңда Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді деп көзделеді.

Сондай-ақ құжатпен Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өз интернет-ресурсында газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары мен өнеркәсіптік тұтынушылар иелерінің тізілімін жүргізу және жариялау бөлігінде, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын келісу бөлігінде, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Энергетика министрлігіне сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат беруі бөлігінде құзыреттері кеңейтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz