Алаяққа алданған зейнеткердің ақшасы қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері алаяқтарға алданған зейнеткерге 5,5 млн. теңгесін қайтарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасының себепкері болды, оның кесірінен жүкті әйел өлім мен өмірдің арасында тұр» деген сөздерді Петропавл қаласының 76 жастағы тұрғыны телефонға келіп түскен қоңыраудан естіді. Оған хабарласқан адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Оның айтуынша, апаттан зардап шеккен әйелдің туыстары, егер оларға үлкен сомадағы ақша төленсе, өтініш жазбауға келіседі екен. Есеңгіреген зейнеткер келісіп, мекен жайға келген курьерге өзінің барлық жинап-түйгенін – 5,5 миллион теңге ақшасын бере салған. Қуанышқа орай, осыдан кейін оның қызы үйге келген және қандай оқиға орын алғанын біліп, дереу полицияға жүгінген.

– Аталған факт бойынша Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны анықталды, кәмелетке толмағандығына байланысты ол ата-анасының кепілгерлігімен босатылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – деді СҚО ПД Петропавл қаласы ПБ бастығы Ербол Тайбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz