Облыстың төрт аудан орталығында ғана кәріздік жүйе бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы аудан орталықтарының төртеуінде ғана кәріздік жүйе бар, оның өзі өткен ғасырда салынғандықтан тозығы жеткен, деп хабарлайды Qyzyljanews.kz тілшісі.

СҚО қоғамдық кеңесінде өңірдің экологиялық мәселелері қозғалды. Соның бірі – кәріздік жүйе мен тазарту құрылыстарының ескіруі және аудан орталықтарында кәріздік тазарту құрылыстарының болмауы. Қазіргі уақытта 13 аудан орталығының төртеуінде – Новоишимка, Явленка, Бескөл және Саумалкөлде ғана Кеңес заманында салынған және бүгінде тозған кәріздік жүйе бар. Ал кәріз тазарту құрылысы тек Саумалкөлде ғана жұмыс істеп тұр.

— Петропавлда кәріз ағындарын тазарту мәселесін шешу мақсатында 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қызылжар су» ЖШС кәріз тазарту құрылыстарын техникалық қайта жарақтандырып жатыр. Жұмыс аяқталмаған, биологиялық тазартуы жоқ. Облыс орталығының қолданыстағы кәріз ағындарын тазарту бойынша технологиялық сызбаны жаңғыртудың 4-ші кезеңі 2013 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Жобалау-сметалық құжаттарына бірнеше рет түзету енгізілді, аяқталу мерзімі өзгертілді, — дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, бұл жоба тек 2027 жылы ғана аяқталып, жұмыс істей бастайды.

СҚО-ның экологиялық мәселелерін шешуге арналған Жол картасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимкада кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу жоспарланды. Жобаның құны 3 млрд теңгеден асады. Кәріздік тазарту құрылысы салынды, бірақ нысан әзірге іске қосылған жоқ, қазіргі уақытта инженерлік желі тартылып жатыр.

Дәл осындай жоба Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында да жүзеге аспақ. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін орталық мемлекеттік органдарға жобаны іске асыруға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жіберілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz