Облыс бюджеті 442 млрд. теңгеден асты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджет талқыланып, жергілікті мәслихат енгізген өзгертулер мен түзетулер жайында айтылды. Белгілі болғандай, биыл өңірдің қазынасы өткен жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға өсіп, 442 млрд. теңгеден асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, биыл бюджет көлемі 57 млрд. 51,3 мың теңгеге өсті.

– Бүгіндері облыс бюджеті 442 млрд. 30,5 мың теңгені құрап отыр. Қарастырылған қаражаттың 2 млр. 409,9 млн. теңгесі игерілмеді.
Игерілмеген жобалардың қатарында, «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусының құрылысын жатқызуға болады. Оның негізгі себебі қажетті тауарлардың уақытылы жеткізілмеуі, ол 878,7 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ «Жас өркен» шағынауданында 250 орынға шақталған емхана тұрғызу ісінде бірәз мәселелер туындап, кестеге сай жүргізілмеген жұмыстардың салдарынан 359,4 млн. теңге игерілмеді. Мұндай проблема облыстағы «Еленовка – Арықбалық – Чистополье – Есіл» көпірде де тіркелді. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласы мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау тұрғысында 346,2 млн. теңгеге жоспарланған байқау өткізілмеді, — деді Наталья Дышкант.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz