Газсыз отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Назарбаев көшесінде тұратын 315 пәтер иесі бірнеше күннен бері газсыз отыр. Оның себебі – көпқабатты үйдің қасбетінде орналасқан газ құбырына «Газель» көлігі соғылған, — деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Назарбаев көшесі, 290, 292 және 294 үйлердің тұрғындары 5 қарашадан бастап газ жоқ деп шағымдануда. Олардың сөзінше, газ құбырына соғылған көлік салдарын мамандар түзетуге асық емес.

Әкімдік мамандары газ құбырына соғылған «Газель» пластикалық терезелерді орнатумен айналысатын компанияға тиесілі екенін айтады.

— Дайындық жұмыстары жүргізілуде, 8 қарашада қалпына келтіріле бастайды. Көпқабатты үйлерге газ қарашаның 10-ы күні беріледі. Газды іске қосу кезінде апатты жағдайларды болдырмау үшін пәтер тұрғындарының үйлерінде болуы қажет, — дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz