Петропавлдағы ботаникалық баққа орманнан табылған еліктің лақтары жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осы аптада ботаникалық баққа облыс тұрғындары еліктің екі лағын әкелген. Жабайы жануарларды тасымалдау кезінде олардың біреуінің аяғына зақым келді.
— Бір еліктің аяғы сынған. Бақта оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. 3-4 аптаның ішінде сүйегін қалыпқа келтіру үшін арнайы темір қойылды. Тағы бір жануарды петропавлдық жас жұбайлар тауып алған, — дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.
Петропавлдағы бақ мамандары еліктерді сүтпен тамақтандырады. Десе де бұл жануарлар бейімделген ортада өмір сүрулері қажет.