Серік Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл жайында СҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Серік Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. 1991-2010 жылдар аралығында сауда және бизнес салаларында экономист, бірнеше компанияның директоры болып жұмыс істеді.

Мемлекеттiк қызметке 2010 жылдың шiлдесiнде келді. СҚО Жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында 2016 жылға дейін қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін 2021 жылдың қазан айынан СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып қызмет етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz