Маусым айында тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап 0,5%-ды құрады. Азық – түлік емес тауарлардың бағасы 0,7%-ға, ақылы қызметтер – 0,6%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,2%-ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Ол 0,9%-дан асты. (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төмені Ақтөбе облысында тіркелген. Шымкентте бір айдағы тұтыну бағасының индексі 100% -ды құрады.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының бағасы Ұлытау облысында – 1,3% — ға, азық – түлік емес тауарлар-Астана қаласында – 1,3%-ға, ақылы қызметтер – Солтүстік Қазақстан облысында – 1,4% — ға өсті.