Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі болып 2023 жылдың наурыз айынан бері ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған Дәурен Абаев тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2023 жылғы 16 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Ермек Көшербаев атқарып келген еді.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Лейден университетін бітірген.

Ол ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (2001 жылдан бастап), ҚР Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі елшіліктерінде (2003 жылдан бастап) қызмет атқарған, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы (2007 жылдан бастап), ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Сол жылы шілде айынан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016 жылдан бастап), Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі (20019 жылдан бастап), ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (2020 жылы), ҚР Мәдениет және спорт министрі (2021 жылдан бастап) сияқты қызметтер атқарды.

Ал 2023 жылғы наурыз айынан бастап  ТМД бас хатшысының орынбасары болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz