Медет Оспанов СҚО Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Медет Оспанов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл жайында СҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Медет Дулатұлы 1985 жылы 20 сәуiрде СҚО Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Тарих, экономика және құқық негiздерi» мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетiн «Экономика» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2006 жылы Петропавлдағы «Әл-Фараби атындағы №18 қазақ орта мектеп-лицейi» КМУ тарих мұғалiмi болып бастаған.

2007 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат департаментi» ММ бас маманы болды.

2007-2011 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi орынбасарының көмекшiсi болып еңбек етті.

2011-2014 жылдар аралығында Шал ақын ауданы әкiмi аппаратының басшысы болса, 2015-2017 жылдары Тайынша ауданы әкiмi аппаратының басшысы, әкімнің ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымында еңбек етті.

2017-2020 аралығында Уәлиханов ауданын басқарса, кейін СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы болды. 2021 жылдан осы күнге дейін Есіл ауданының әкімі болды.

Бұған дейін Петропавл қаласының әкімі болып Серік Мұхамедиевтің тағайындалғанын айтқан едік.

Ал, облыс орталығын басқарған Руслан Аңбаев оның орнына Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz