СҚО-да Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да Ұлттық домбыра күні атап өтілді. Өңірде бірқатар қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында облыстық филармонияда өткен домбыра күніне арналған мерекелік концерт те бар. Бұл іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ол ерекше көзге түскен өнер қызметкерлеріне Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы төс белгісін және Құрмет грамоталарын табыс етті. Кейін сахнада қазақ халқының белгілі әуендері шырқалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

dombyra1

Мерекелік концерт бағдарламасында облыстық филармония әртістері мен Сегіз сері атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Құрманғазы, Тәтімбет, Сүгір және Желдібаевтың күйлері шырқалды. Салтанатты шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Көрермендер арасында мерекелік концертке қатысу үшін шамамен 300 шақырым жол жүріп өткен Осипян отбасы бар.

«Жұбайым екеуміз, үш баламыз және ата-анам – бәріміз бүгін келіп, концертті тамашаладық. Басқа музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен домбыраның дыбысы бізді таң қалдырды. Осындай керемет мереке бар екеніне қуаныштымыз. Концерт үшін рахмет», — деді отағасы Кәрім Осипян.

Мерекелік концерттен басқа СҚО-да «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы өтті. Осы мерекеде бірінші туған балаға ұлттық аспап сыйға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz