«Севказэнергосбыт» ЖШС-ге тұрмыстық емес тұтынушыларға жылу үшін қайта есептеу жүргізу міндеттелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусым кезеңде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жылу энергиясы үшін төлемнің күрт өсуімен келіспейтіндігі туралы Петропавл қаласының тұрғын емес жылу энергиясын тұтынушыларынан, атап айтқанда тұрғын үйді жалпы есепке алу құрылғысы бар көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайларда (кеңсе, дүкен және т.б.) жұмыс істейтін жылу энергиясын тұтынатын тұтынушылардан өтініштер келіп түсе бастады.
Аталған өтініштерді қарау нәтижесінде, ТМРКД жоғарыда аталған тұлғаларды қосалқы тұтынушыларға, яғни жылу желілері және (немесе) жылу тұтынатын қондырғылары тұтынушылардың жылу желілеріне қосылған тұтынушыларға жатқызу бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның тарапынан жіберілген бұзушылықтарды анықтады, ал бұл жылу энергиясы үшін төлемнің өсуіне әсер етті.
Осыған орай, ТМРКД Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берді, сот шешіміне сәйкес, ТМРКД-ның «Севказэнергосбыт» ЖШС-на қойған талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.
Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидасының 280-тармағының 2) тармақшасын пайдалана отырып, 2022-2023 ж.ж. жылыту маусымында жалпы үйді есепке алу құрылғысы бар көппәтерлі үйлерде орналасқан тұрғын емес үй-жайларда жұмыс істейтін тұтынушыларға жылу энергиясы үшін жүргізген төлем бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің әрекетін сот заңсыз деп таныды, сондай-ақ «Севказэнергосбыт» ЖШС-ні аталған тұрмыстық емес тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді міндеттеді.
Нәтижесінде, «Севказэнергосбыт» ЖШС-ны 1 250 тұтынушыларға жалпы сомасы 96 млн 232 мың теңгені қайта есептеуге міндеттеді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ, субъект осы шешімге апелляциялық тәртіппен шағымдануға құқылы.