Петропавлда шілденің 5-інен 9-ына дейін «Qyzyljar Music Fest» халықаралық музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Фестиваль бағдарламасы:
5 шілде – Этно-фольклор. Кеш қонақтары: «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, «Үлгер» және «Күлтегін» фольклорлық ансамбльдері.
6 шілде – Эстрадалық кеш. Кеш қонақтары: «Әмре» және Кенжебек Нұрдолдай.
7 шілде – Хореография кеші. Кеш қонақтары: «Кун сузы» хакас би ансамблі және «Зазан» лезгинка мектебі.
8 шілде – Классика кеші. Кеш қонақтары: итальяндық опера әншісі Джиованни Лекессе және қазақстандық опера әншісі Зарина Алтынбаева.
9 шілде – Фестивальдің соңғы күні. Гала-концерт. Сіздер үшін фестивальдің ең үздік музыкалық нөмірлері орындалады. Сіздерді күн сайын 5-9 шілде аралығында сағат 20.00-де қаланың бас алаңында күтеміз.