Петропавл әкімі үйлерді салу кестесін сақтамағаны үшін айыппұл салуға уәде берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың жақында ғана тағайындалған әкімі Серік Мұхамедиев мердігерлер жұмыс кестесін сақтамаса, айыппұл төлейтінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әкім салынған, бірақ коммуникациялар мен абаттандыру жұмыстарының жоқтығынан берілмей жатқан проблемалық үйлерді аралап шықты. С.Мұхамедиев мердігерлер белгіленген мерзімде жауап беретінін еске салды.

С. Мұхамадиев өзінің Instagram парақшасында 16 бюджеттік үйдің құрылыс мерзімі пайдалануға беру мерзімінен қысқа болып шыққанын хабарлады.

«Бұл жерде инженерлік коммуникациялар мен аулаларды абаттандыру жұмыстары созылып кеткен. Мен осы учаскелерде болдым, мердігерлермен кездестім. Құрылыстағы жұмыс  қарқыны көңіл көншітпейді, жұмысшылар саны да аз. Мен күн сайын учаскелерді аралай отырып, нұсқаулардың орындалуын жеке тексеремін. Бізге асығыс және сапасыз жұмыс қажет емес екенін атап өткім келеді. Мен мердігер ұйым өкілдеріне қойылатын талаптарды айттым, мәселені жеке бақылауда ұстаймын», — деп жазды С.Мұхамедиев.

Бұған дейін облыс әкімі Айдарбек Сапаров үйлердің құрылысын аяқтауға қосымша қаражат бөлінгенін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz