Суағарлар құрылысы басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда кәріз желілерінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қолданыстағы арық су бұру жүйелерін жөндеу және салу жоспарын әзірледі. Мамандар көктемгі су тасқынын ескере отырып, Зайсан, Береке, Ойқала шағынаудандарында және Жұмысшы кентінде жаңа суағарларды салмақ. Бүгіндері құны 116 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжат дайын, тиісті жұмыстар күзде аяқталады деп күтілуде.

– Мемлекеттік сараптамадан өткен үш жоба әзірленді. Ұзындығы 4,7 км «Солнечный-2» шағынауданының көшелері шегінде, тиісінше ұзындығы 0,7 км және 3,4 км Шухов және Ломоносов көшелерінің шегінде ашық суағарлар жүйесін салу көзделген. Жобалардың жалпы сомасы – 522 млн. теңгеден асады. Қазіргі уақытта материалдар дайындалуда, — деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Петропавлдағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы — 196 км, оның ішінде 100 км – жабық. Соңғы үш жылда қалада 29 км жаңа суағарлдар салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz