Петропавлда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің облыстық кезеңі өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

9 шілдеде сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Петропавл қаласының Орталық алаңында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің облыстық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылы көрмеге солтүстікқазақстандық 30-дан астам тауар өндірушілер, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 16 қатысушысы қатысады.

– Көрмеде «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Өнеркәсіптік мақсаттағы үздік тауарлар» үш номинация бойынша облыс кәсіпорындары мен компаниялары шығаратын өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Әр номинация бойынша елордада өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын үш жеңімпаз анықталады, — дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Солтүстікқазақстандық өндірушілер жеңіл, тамақ, жиһаз, химия, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс материалдарын ұсынады. Көрмеге келушілер облыста өндірілетін өнімдердің алуан түрімен танысып қана қоймай, өздеріне ұнаған тауарларды сатып алып, сол арқылы жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсете алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz