ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЛАРЫ ТАҢДАЛДЫ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қала күнін мерекелеу аясында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өңірлік кезеңі және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Көрме конкурсына 27 — ге жуық солтүстікқазақстандық тауар өндіруші қатысты. Олардың арасында 9 жеңімпаз – әр номинация бойынша үш жеңімпаз таңдалды Бұл еліміздің әр өңірінде өтетін республикалық ауқымдағы іс-шара. Финалистер тек аймаққа ғана емес, бүкіл елге олардың тауарлары ең жақсы, сапалы және қауіпсіз екенін дәлелдеуге жақсы мүмкіндік алады. Байқаудың республикалық кезеңі елордада өтеді», — деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы тоғызыншы жыл қатарынан өтуде. Көрмеге солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер азық-түлік, жиһаз, киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, кәдесыйлар, сондай-ақ химиялық және құрылыс өнімдері сияқты тауарлар ұсынды

Биыл іс-шараға келушілер «Қазмясопродукт» ЖШС өндірген қайнатылған, ысталған, жартылай ысталған шұжықтар мен ет өнімдерін сатып ала алды. Кәсіпорын 2005 жылдан бастап ет және шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Ал өткен жылдан бастап мұнда халал өнімдерін шығаратын цех іске қосылды, ол үшін серіктестік жаңа жабдықтар сатып алып, жаңа цех үшін жеке ғимарат салды. Қызметкерлер халал өнімдерін өндіру бойынша арнайы оқытудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

«Біз күніне орта есеппен 5 тонна ет және шұжық өнімдерін өндіреміз. 100 — ден астам өнім бар, оның 20-дан астамы халал. Біздің шұжықтар мен ет Петропавлда ғана емес, Астанада да сұранысқа ие, екі қалада да фирмалық дүкендер желісі бар», — дейді «Қазмясопродукт» ЖШС технологы Юлия Гончарова.

Көрмеге бұрыннан танымал брендтермен қатар жаңадан шыққан өндірушілер де қатысты. Мысалы, «ПТФ Жаңа Құс» ЖШС нарықта 2022 жылдың қараша айынан бастап қана жұмыс істейді.

«Новокаменка ауылында орналасқан құс фабрикасы сапалы тауық етін өндірумен айналысады. Мысалы, бізде тапака тауығының бір килограмы 900 теңге, ұшасы 1000 теңгеден, аяқтары 1100 теңгеден, қанаты 1200 теңге тұрады. Өнімдеріміздің бағасы қолжетімді, бұл ретте сапасы бәсекелестерден еш кем түспейді», — дейді «ПТФ Жаңа құс» ЖШС сату жөніндегі менеджері Татьяна Пенкина.

«Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында «РАДУГА» ЖШС, «РЕГИОН 715» ЖШС (мектеп жиһазын өндіруші) және көмір өндіруші «АБД-ОРМАНЫ» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында полипропилен қаптарын өндіруші – «SMBGROUP FAMILY» ЖШС, электр бұйымдарын өндіруші «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТР ЗАВОДЫ» ЖШС және электр оқшаулағыш материалдарын өндірумен айналысатын «ИЗОЛИТ» ЖШС көшбасшы атанды.

Жеңімпаздарға дипломды облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Әблалиев пен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев табыс етіп, байқау финалистеріне табыс, еңбектеріне жеміс және республикалық жарыста сәттілік тіледі.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесіне қатысуға 15 ауыл кәсіпкері өздерінің бизнес жобаларымен қатысты. Оның ішінде сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша 10 жоба іріктеліп алынды, олар аймақтық бренд комитетінде одан әрі іріктеуді күтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz