Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары үйлер мен өсімдіктердің айналасына жабысып қалған құрттардан шошуда. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының мамандары бұл зиянкес карантиндік емес, үрейленуге негіз жоқ деп сендірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл тұрғындары құрттардың басып алған сәті түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.
Фитосанитарлық диагностика орталығы бұл шалғынды көбелек құрттары екенін жеткізді.
Орталықтың бас агрономы Зура Кенжеғалиеваның айтуынша, көбелек қуыршақтарының қалдықтары Айыртау, М.Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют аудандарында қыстап шыққан. Ол егістікке айтарлықтай қауіп төндірмейтінін атап өтті.