Қараусыз малдар қамалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан СҚО полицейлері 7,5 мың бас иесіз малды арнайы қораларға орналастырды, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Малдың еркін жайылуы – ұрларға қолайлы жағдай жасайтын негізгі фактор. Осы себепті еркін жайылымның алдын алу ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қараусыз жүрген мал анықталған жағдайда полиция қызметкерлері оларды иелерін тапқанға дейін арнайы қораларға орналастырады. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың көмегімен осындай арнайы 230 қора жабдықталған. Жыл басынан бері СҚО полицейлері еркін жайылым фактілері бойынша барлығы 1533 хаттама толтырды. Арнайы қораларға 7527 бас иесіз мал орналастырылды.

«Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары да ауылшарушылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Себебі, қараусыз қалған мал барымташылардың оңай олжасына айналып қана қоймай, жол бойына шығып кеткен жағдайда жол-көлік апатына себеп болуы да мүмкін. Қаңғыбас мал егістік алқабына шығып кеткен жағдайда бөлек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарын жергілікті атқарушы органдар мен бақташылар арасында үш жақты келісімшарт жасасуға кеңес береді, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, өткізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты мүлік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.  Қаңғыбас малдың жүруіне тыйым салынғаннан бері СҚО аумағында мал ұрлығының саны едәуір азайған. Ағымдағы жылы мал ұрлығының 8 фактісі тіркеліп, біреуі бойынша іс сотқа жіберілген, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz