35 тұрғынның атынан несие рәсімделген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жылдың басынан СҚО-ның 35 тұрғынына алаяқтар несие рәсімдеген,  деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғынына микроқаржы ұйымдарынан несиелер бойынша берешекті өтеу керектігі туралы хабарлама келе бастаған. Анықталғандай, белгісіз біреу оның атынан 100 мың теңгеден екі қарыз ресімдеген екен. Бойжеткен қыз бірден полицияға арызбен жүгінді. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жедел уәкілдер наурыз айының басында  жәбірленушінің ұялы телефонын құрбысына уақытша пайдалануға бергендігін анықтады. Сондай-ақ ол телефонда құрбысының жеке куәлігінің фотосуреті сақталып, Google есептік жазбасына кіргені белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен құрбысының 26 жастағы күйеуі Петропавл тұрғыны анықталды. Жәбірленуші келтірілген залалды толығымен өтеді.

«Тұрғындарға өздерінің құпия деректеріне, құрылғылардың құпия сөздерін, банк карталарына кіру кодтарын, соның ішінде sms арқылы келетін бір реттік кодтарды, сондай-ақ банк карталарының артқы жағындағы cvv кодтарын ешкімге бермеуді сұраймыз. Бұл деректерді интернет алаяқтар пайдалана алады. Жыл басынан бері облыста барлығы 342 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 35-і басқа тұлғаға несие ресімдеу арқылы. Барлық жағдайда дерлік күдіктілер мобильді құрылғыларға және жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізе алды,» — дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz