«Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының көрмесі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының көрмесі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жүзеге асырып жатқан «Мен Кәсіпкер» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

«Жобаның басты мақсаты – қарапайым азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту, кәсіпкер әйелдерге өз өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығаруға көмектесу. Бұл жерде өндіріске қолданылатын шикізаттың барлығы жергілікті болса, ауыл тауар өндірушілеріне баса назар аударылады», — дейді Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Көрмеде жобаға қатысушылар сүт, бал, ет өнімдерін, түрлі жарма мен жеңіл тағамдарды, киім-кешектерді, киізден және ағаштан этникалық стильде жасалған бұйымдарды, зергерлік бұйымдарды ұсынды.

Петропавл қаласының тұрғыны Ольга Даньшина жергілікті шикізаттан йогурт пен ірімшік жасайды.

«Бұл Петропавлда жиі кездесетін жабық консистенциясы бар итальяндық жартылай жұмсақ асханалық качоттаірімшігі. Біз сондай-ақ славяндық, губернаторлық ірімшіктерді дайындаймыз, олар дәмі бойынша гауда ірімшігіне ұқсайды. Нанға жағылатын, ешкі сүтінен жасалған өте дәмді шевр ірімшігі де шығарылады», — дейді Ольга Даньшина.

Көрме қорытындысы бойынша келесі іріктеу кезеңіне он қатысушы өтті. Олар: Ярослава Пилипушко, жеке кәсіпкер Зарина Аяпбергенова, Лариса Колесникова, Лариса Первушина, Майра Жамансарина, Наиля Садуова, Елена Гаврилова, Ольга Даньшина, Ирина Умрихина, жеке кәсіпкер Гүлшарат Бултенова. Олардың жобалары аймақтық бренд комитетінің отырысында қаралады, оның қорытындысы бойынша үздік жобаларды әрі қарай экспорттау мақсатында нарыққа одан әрі ілгерілету мүмкіндігі беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz