Аудан әкімдерін сынға алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жедел отырысында жергілікті атқарушы органдардың халықты жұмыспен қамту бойынша атқарып жатқан шаралары талқыланды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров халықпен жұмыс нашар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамтуға қажетті шаралардың қабылданғанын атап өтті. Соның ішінде бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін өтеусіз гранттар беру, жастарға шағын несие беру, субсидияланатын жұмыс орындары, қайта даярлау мүмкіндігі қарастырылған.

«Халықпен жұмыс әлсіз. Аудандарда да бұл жұмыс өз деңгейінде жүргізілмейді. Бізде 14 мың жұмыссыз, 10 мың бос жұмыс орны бар. Мемлекет тарапынан несие, шағын несие, грант, 100 мың теңгеге дейін жалақыны субсидиялау сияқты барлық қажетті жағдай жасалған. Бірақ ешқандай нәтиже көрінбейді. Адамдар жұмыссыз отыр. Аудан әкімдері, мемлекеттік бағдарламалардың барлығын білесіздер – бірақ даму жоқ. Яғни, жұмыспен қамту, жаңа өндірістерді ашу, инвестициялық жобалармен айналыспайсыздар. Мемлекет қажеттінің бәрін жасады, тек жұмыс істеу керек», – деді А.Сапаров.

Облыс әкімі Аграрлық несие корпорациясы басшысының назарын шағын несие беру шарттарына аударды. Берілген несиелер мен кепілзаттарды талдауды тапсырды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың айтуынша, жыл соңына дейін 10 635 жұмыс орны ашылуы тиіс. Оның ішінде 10 052 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы. 1 шілдедегі жағдай бойынша жоспарланған саннан 6392 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Оның 2100-і жаңа өндірістерді іске қосу есебінен ашылған.

«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы 404 млн теңгеге 292 грант беру жоспарлануда. 236 млн теңгеге 178 грант берілді, орташа грант 1,3 млн теңге. Жылдық 2,5%-дан 130 жасты шағын несиелеуге 650 миллион теңге қарастырылған. 235,8 млн теңгеге 53 несие берілді», — деді Р.Елжасов.

3,2 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді. Кәсіптік оқытуға – 191, «Бастау бизнес» жобасы бойынша – 1,3 мыңға жуық адам. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1812-сі еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Жыл басынан бері 288 аз қамтылған азамат жұмысқа орналастырылды

«2021-2022 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі республикалық деңгейде сақталып, 4,9%-ды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өңірлік деңгейі 2021 жылы 2,9%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,8%-ға төмен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 0,7 пайызға өсім бар», — деп қосты Р.Елжасов.

Облыс әкімі жас санаты 35 жасқа дейін көтерілгендіктен жастар тобындағы адамдардың саны артқанын еске салды. Бірақ бұл ретте де оларды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік қолдау шаралары жеткілікті.

«Жыл соңында жұмыссыздық 4,5 пайыздан аспауы керек. Аудан әкімдеріне тізімде тұрған жұмыссыздармен жиын өткізуді тапсырамын. Жұмыс берушілер жалақыны көтеру үшін не істеп жатқанын біліңіздер», — деді А.Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz