Шегірткенің таралу қаупі талқыланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен аппарат отырысында өңірдің егістік алқаптарында шегірткенің таралу қаупі сөз болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев өңірде фитосанитарлық тексеру жүргізілгенін айтты. Шегіртке үйірі табылмады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Бүркіталиннің айтуынша, өңірде үйір шегірткелерден итальяндық шегірткелер кең таралған. Таралудың шарықтау шегі 2000 жылы болған, онда өңделген егістік алқабы 760 мың гектарды құрады. Осыдан кейін құлдырау байқалды, ал таралуының келесі өсуі 2014-2015 жылдары байқалды. Бірақ таралу аймағы соншалықты үлкен емес – 25,7 мың га, 2015 жылы 25,9 мың га өңделді.

2017-2019 жылдар аралығында химиялық өңдеулер жүргізілмеген. 2020 жылы тек Уәлиханов ауданында шегірткеге қарсы өңдеу көлемі 0,9 мың гектарды құрады. Келесі екі жылда химиялық өңдеулер жүргізілмеді. Олар биыл да жоспарланбаған.

«Шегіртке іргелес аймақтардан ұшып келуі мүмкін. Итальяндық шегіртке жоғары ұшу белсенділігімен сипатталады. Ересек итальяндық шегірткенің белсенді миграциясы қанаттанғаннан кейін шамамен 10 күннен кейін басталады. Ұшу биіктігі көбінесе желдің басым бағытына сәйкес 50-200 метр. Күндіз 40-60 км, желдің күшіне қарай 100 км-ге дейін ұшады. Жаппай көбею басталған жылдары жасыл масса түгел жойылады», — деді Н.Бүркіталин.

Ол ауылшаруашылық құрылымдарында химиялық өңдеуге арналған пестицидтер қоры және жұмыс істейтін бүрку қондырғылары болуы қажет екенін айтты.

«Өңірде қорғаныс шараларын жүргізу үшін 1530 бірлік бүрку техникасы бар, дәрі-дәрмек қоры 749,4 мың гектарды құрайды», — деді Н.Бүркіталин.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Қостанай облысындағы жағдайдың қайталануын болдырмауды және барлық мүмкін болатын алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

«Неліктен Қостанай облысында мұндай жағдай орын алды? Зерттеу қате болды. Біздің облыста мұндай жағдай қайталанбауы керек», — деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz