Тайыншада «Дала күні» шарасы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданында «Дала күні» өтті. Өңір диқандарын біріктірген шара  «Астық СТЕМ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  танап басында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан  облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов «балапанды күзде  санар» маусымының маңыздылығын атап өтті.

— Ораққа  дайындықты тексеру,  айтылатын ұсыныс-пікірлер мен өтініштер негізінде қордаланған  проблемаларды бірлесіп шешудің оңтайлы жолдарын қарастыру жылдағы дәстүрге айналған.  Облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарық үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдарды көптеп өсіруге, астық өндірісін әртараптандыруға  барынша басымдық беріліп отыр.  Биыл  қарақұмық алқабы — 2,5 есе, картоп 1,5 есе, жасымық 115,3 мың, күнбағыс 131 мың, қыша 13 мың гектарға ұлғайтылды. Топырақ құнарлылығын  арттыру мақсатында  2,3 млн. гектар жерге 174,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді, — деді Марат Иманбайұлы.

«Қазақстанда астық дақылдарын өсіру» тақырыбында өткен семинар барысында  аграршылар  іс-тәжірибе алмасып, жергілікті  егіншілік технологиясымен танысты, кәсіби қарым-қатынас төңірегінде ойларын ортаға салды. Ауыл шаруашылығы техникаларының басты жетістіктері мен озық  әдіс-тәсілдердің артылықшылықтары паш етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz