СҚО-да қызметтік иттер жыл басынан бері 165 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция жұмысында иттің өткір иістерді сезіну қабілеті жоғары технологиялар дәуірінде де сұранысқа ие болып қала береді. Бүгінде СҚО полиция бөлімшелерінде 48 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 24-і — облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында. 16 қызметтік-іздестіру иті іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде Альфа есімді неміс овчаркасы айда петропавлдық зейнеткерге ұрланған мүлкін қысқа мерзімде қайтарып беруге көмектескен. Жер үйдің ауласындағы ұрлық орнынан із алған Альфа қаланың үштен бірін аралап өтіп, жедел-тергеу тобын металл қабылдау пунктіне әкелді. Ұрланған металл тәркіленіп, иесіне қайтарылды, сол күні жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Жыл басынан бері СҚО-дағы «төрт аяқты полицейлер» 72 ұрлықты ашуға көмектесті.
«Қаңтар айынан бастап түрлі іс-шаралар барысында 342 рет қызметтік-іздестіру иттері қолданылды. Олардың көмегімен 165 қылмыс ашылды. Оның ішінде 8 қылмыс – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Соңғы жылдары қызметтік иттер синтетикалық есірткіні іздеу үшін белсенді қолданылады. 6 айда ішінде олар 764 грамнан астам осындай заттарды алуға көмектесті. Қызме ттік-іздестіру иттерін қолдану аясы кеңейіп келеді. Мысалы, олардың 2-еуі қазір одорологиялық жұмыс желісі бойынша дайындалуда. Олардың көмегімен иіс сараптамалары жүргізілетін болады», — дейді СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының м.а. полиция капитаны Болат Бекмағамбетов.