Петропавлда суға батып бара жатқан баланы аман алып қалған жасөспірім марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Петропавлдағы NIS оқушысы Аслан Гималетдиновті Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

15 жасар Аслан батылдық танытып, Солтүстік Қазақстан облысында суға батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалған болатын.

«Асланға көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтқым келеді. Болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарына осындай ержүрек балаларды күтеді. Жазда да, қыста да судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Біздің министрлік әрқашан батырларға назар аударады, өйткені бұл адамдар негізінен құтқарушылар. Сонымен қатар, жыл басынан бері біздің бөлімшелерімізде 30 мыңға жуық бала жүзу дағдыларына оқытылғанын атап өткен жөн», – деп атап өтті министр.

NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мұғалімдер мен сыныптастарының Асланның батылдығын мақтан тұтатынын ерекше атап өтіп, «Қамқор жүрек» марапатын табыстады:

«Асланның ерлігі NIS құндылықтарын айқын көрсетеді. Білім мен тәрбиені ұштастырған «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында да шәкірттеріміз көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып жатады. Зияткерлік мектептер адамзат пен қоршаған ортаға қамқор бола алатын оқушыларды тәрбиелеуге әркез күш салады», – деді Әнуар Жанғозин.

NIS ұжымы Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азамат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдірді.

«Қалада велосипедпен серуендеп жүргенде көмекке шақырған балалардың дауысын естіп, біреудің батып бара жатқанын түсіндім. Ойланбастан жүгіріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым», – дейді Аслан.

Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі, өз ісіне жауапты, замандастырының арасында сыйлы. Ол тек білімімен ғана емес, музыка мен спорттағы жетістіктерімен көзге түсіп үлгерді. Домбырада шебер ойнайды, волейболмен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz