Петропавлдық бастауыш сынып мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаған Президент мұғалімдердің қоғамдағы орнына тоқталып, еліміздің 7 ұстазына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген құрметті атағын берді. Марапатталғандардың қатарында Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Қапезова да бар.

Айжан Байкенқызының еңбек өтілі 40 жылдан асады. Бастауыш сынып мұғалімі еңбек жолын 1983 жылы Жамбыл ауданындағы Баян орта мектебінде бастады. 1999 жылдан бүгінге дейін қалада жұмыс істеп келеді. 40 жылдың ішінде Айжан Байкенқызы 235 оқушыны білім нәрімен сусындатты.

whatsapp image 2023 10 05 at 13.45.14

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы мына адамдарға берілді:

— Еңбек ардагері Майра Мәмбетова (Алматы қаласы);
— Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезова (Петропавл қаласы);
— С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимова (Түркістан облысы);
— А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісова (Қарағанды қаласы);
— академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин (Павлодар облысы);
— Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержанова (Астана қаласы);
— Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz