Айдарбек Сапаров: «Фитосанитарлық қызметте мамандар жұмыс істеуі керек»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жедел кеңесте фитосанитарлық қызметтің тиімділігі мен бұл саладағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Қабиден Сәдуақасов салада кадрлық ауыс-түйістің көп екенін айтты. Қазір жеті бос орын бар. Мамандардың жалақысы 120 мың теңге.

«Фитосанитарлық жағдай күрделі мәселе. Әр ауданда филиал бар. Онда арамшөптер мен ерекше қауіпті аурулар жайлы білетін мамандар жұмыс істеуі керек. Сіз сусымалы қыша таралуы, қырыққабат көбелегі пайда болуы туралы айтып отырсыз. Бұл шын мәнінде проблема. Фитосанитарлық жағдайдың нашарлауымен егіннің 30-50% дейін жоғалады. Тек қағаз жүзінде есеп беру нәтиже бермейді. Күзде келер жылдың болжамын жасап, агроқұрылымдар мен аудандар дайын болуы керек», — деп баса айтты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Ауыл шаруашылығы дақылдарында ерекше қауіпті және карантиндік зиянкестер өте көп. Олардың қатарында кәдімгі шегіртке, кене, қырыққабат көбелегі, септориоз, сусымалы қыша (қызғылт), арамшөптер де бар. Зиянкестердің пайда болуын фитосанитария және болжау әдістемелік орталығының облыстық филиалының мамандары бақылайды. Биыл олар 7,2 миллион гектар аумақтағы аса қауіпті, зиянды және карантиндік нысандарды бақылауда. Жыл басынан бері өсімдіктерді қорғау бойынша 297 және 56 карантиндік дабыл хабарламасы берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz