Есірткі саудалағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық «меф» және «тұз» үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-ның 26 жастағы тұрғыны өткен жылы Петропавл қаласының аумағында синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшерімен ұсталған болатын. Ер адам полицейлерді сол кезде де есірткі таратпағанын айтып, сендіруге тырысқан. Кездейсоқ 40 мефедрон мен α-PvP бар ораманы тауып алып, өзінің жеке қолдануы үшін қалдырыпты-мыс. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктінің синтетикалық есірткілерді өткізуге қатысы барын анықтады.

«Қазіргі уақытта ер адам 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. СҚО-да осы жылдың 6 айы ішінде есірткі сатқаны үшін 13 адам сотталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жарты жыл ішінде 1 кг астам синтетикалық есірткі тәркіледі», — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz