Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі Премьер-лиганың 15-туры аясындағы «Қызылжар» – «Тобыл» кездесуін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Тобыл» футбол клубының УЕФА конференциялық лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін қарап, «Қызылжар» футбол клубының тиісті келісімін алып, матчты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады» — делінген Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі таратқан ресми ақпаратта.
2023 жылғы 16 шілде мен 27 қыркүйек аралығында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының XV турының «Қызылжар» – «Тобыл» матчы өтеді.