БІР ЖЕРДЕ ЕКІ АПАТ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бір жерде екі жол апаты болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

13 шілде сағат 00:10 шамасында Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жолға шыққан жаяу жүргіншіні соғып кетті.

19 жастағы жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты.

Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды. 37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.

ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көлік құралдары айыптұраққа қойылды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz