«Сенситив» би театры Испанияда бас жүлдені жеңіп алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Сенситив» би театры Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық «SEA SUN FESTIVAL» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқауды eуропалық фестиваль ұйымдастыру комитеті – FIESTALONIA MILENIO өткізді. Фестиваль-байқауда 10 елден – Өзбекстан, Украина, Греция, Испания, Чили, Қытай, Кипр, Дубай, Индонезия, Қазақстаннан барған 200-ден астам қатысушы бақтарын сынады.

«Сенситив» би театры жеке, дуэт, заманауи хореография, спорттық бал биі аталымдары бойынша алты хореографиялық қойылым ұсынды.

Фестиваль-байқауға топтың 8 солисі қатысып, «Соло» аталымы бойынша Даниял Қанғожин «Спойлер» қойылымымен бірінші орынды жеңіп алды.

«Дуэт» аталымында Милена Новикова мен Даниял Қанғожин бірінші дәрежелі лауреат атанды. Би ұжымы «Спорттық бал биі» аталымында  бірінші дәрежелі, заманауи хореография бойынша Гран-при иегері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz