Кәсіпкерлер өз мәселелерін айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда аймақ басшысы Айдарбек Сапаровтың қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әкім атап өткендей, бизнес өкілдерімен бұл кездесудің мақсаты – өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін одан әрі дамытуды талқылау, түйткілді мәселелерді қарастыру.

«Жалпы, облыста кәсіпкерлікті дамытуда оң динамика бар. 2021 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,5 мыңға дерлік өсіп, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 34,7 мың субъектіні құрады. Шағын және орта бизнесте халықтың жұмыспен қамтылуы 106 400 адамды құрайды, яғни облысымыздың еңбекке қабілетті әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Өңірде соңғы 5 жылда өнім шығару 2017 жылғы 490 миллиард теңгеден 2022 жылы 1,3 триллионға дейін 2,7 есеге өсті», — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылға арналған «Қарапайым заттардың экономикасы» жобасы мен басқа да бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы көлемі де айтарлықтай артқан.

«2023 жылы бұл мақсаттарға шамамен 12 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есеге көп. Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы 11,7 млрд. теңгенің 205 жобасы субсидияланды, 4,3 млрд. теңгенің 150 жобасына кепілдік берілді. Жыл басынан бері шамамен 1 млрд. теңгеге шағын несие берілді. 10 маусымда «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды – соған сәйкес облысымызға 450 шағын несие алушыға 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оны игерсек, қаржыландыруды ұлғайтуға өтініш береміз. Сондай-ақ, жастарды да ұмытпаймыз, жас 35 жасқа дейін ұзартылды – мұнда 130 жобаға 650 миллион теңге бөлінді. Жалпы, мемлекет тарапынан қолдау барын, соның арқасында кәсіпкерліктің дамып жатқанын көруге болады. Бірақ сонымен бірге әлі де бірлесіп шешуге тиісті мәселелер бар», – деп сөзін жалғастырды Айдарбек Сапаров.

Палатаның өңірлік кеңесінің мүшесі, «Барс-Nord» ЖШС-ның бас директоры Владимир Богданов өңір басшысына кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламаларға жатпайтын салалар үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламасын ұйымдастыруды ұсынды.

Бұған облыс әкімі Айдарбек Сапаров: «Жақсы ұсыныс, өзіміз қарастырайық. Қаржы басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасы осы мәселеге тереңірек үңіліңіздер. Гранттар бойынша біз баяу дамудамыз, «Атамекенмен» бірге оның неліктен әзірленбей жатқанын және қандай қызықты жобалар бар екенін анықтаңыз», –деп жауап берді.

Жалпы, кәсіпкерлер бастамаларының басым бөлігі аймақ басшысы тарапынан қолдау тауып, нақтырақ зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша палатамен бірлесе талдау жасап, оларды шешу картасын ұсыну жөнінде тапсырмалар берілді. Шара соңында облыс әкімі өңірдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытып, қордаланған бизнес мәселелерін шешу үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуге дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz