Тыныштықты бұзғандар айыппұл төлейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жыл басынан бері 1300-ден астам тыныштықты бұзу дерегін тіркеді, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 шілдеде түн ортасынан кейін көп ұзамай, Жуков көшесіндегі үйдің ауласына келген полицейлер екі әкімшілік бап – тыныштықты бұзғаны және қоғамдық жерде ішімдік ішкені үшін жергілікті тұрғындарды жауапқа тартты. Тәртіп сақшылары үнемі дәмхана иелеріне немесе әкімшілеріне хаттамалар жасайды, әдетте олар жұмыс күндері сағат 22:00-ден немесе демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден кейін музыканың даусын азайтуды “ұмытады”.

Көбінесе сигналдар Қазақстан Конституциясы көшесінде тұратын адамдардан келіп түседі. Бірегей жаяу жүргіншілер көшесі – қала тұрғындарының сүйікті серуендеу орны. Өкінішке қарай, қараңғыда олардың кейбіреулері жақын маңдағы үйлерде адамдардың ауыр жұмыс күнінен кейін демалғысы келетінін ұмытып жатады.

– Мұндай адамдардың топтарын бейнебақылау инспекторлары қадағалайды, содан кейін модульдік полиция бекетінде кезекшілік атқаратын автопатрульдер немесе қызметкерлер оларды жауапқа тартады. 1 маусым мен 12 шілде аралығында облыс орталығында 253 тыныштық бұзу дерегі тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, түнгі шу жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – дейді СҚО ПД Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тыныштықты бұзғаны үшін 1379 адам жауапқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz