221
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.