Қазақстан Республикасы Президенттігіне қанша кандидат заң талаптарына сәйкес келетіні белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

ОСК-да Қазақстан Республикасы Президенттігіне қанша кандидат заң талаптарына сәйкес келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Жалпы 12 кандидат өз құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Өз кезегінде біз құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеріп, заңға сәйкес жұмыс жүргіздік. Бүгін үш үміткердің заң талаптарына сәйкестігі белгілі болды. Тағы бір кандидатқа қатысты сот процесінің нәтижелері бойынша шешім шығарамыз. Жалпы кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін толық қарастырдық, — деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мейрам Қажыкеннің, Жигули Дайрабаевтың, Қарақат Әбденнің, Жұматай Әлиевтің, Салтанат Тұрсынбекованың, Бақыт Жаңабаевтың кандидатуралары Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Конституциялық заңымен қойылатын заң талаптарына сәйкес келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz